• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Денсаулық сарапшылары вирустан қорғану кезінде бетпердені қолмен ұстауға болмайтынын ескертеді

345 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау саласының сарапшылары коронавирус инфекциясының алдын алуда бетперделер мен қолғаптарды киюдің көпшілік қаперге ала бермейтін тұстары жеткілікті екендігін айтады.

Medical Xpress баспасөз хабарламасында денсаулық сақтау саласы мамандары бетперде киген адамдар қарапайым нұсқауларға назар аудармайды деп алаңдаушылық білдіреді.

Бетпердені қолданар алдында қолды жуу әрі оны дұрыстап киюге назар аудару қажет. Бала немесе ересек болғанына қарамастан, адамдар бетпердені қолмен ұстауға бейім. Ондай жағдайда вирус жұқтыру қаупінің жоғары екендігін ескерткен мамандар,  адам қолы бетпердеге орта есеппен сағатына кем дегенде 20 рет тиетіндігін басшылыққа алып отыр. Дәрігерлердің ескерпесінде вирус жақын қашықтықта  қол,  мұрын, көз және құлақтың шырышты қабатына түсу арқылы жұғатындығы айтылған.