• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2020

Қостанайда жолаушыдан маска киюді талап еткен автобус жүргізушісі соққыға жығылды

258 рет
көрсетілді

Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штабтың мәліметінше, бүгін таңертең №11 автобустың жүргізушісі қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жолаушыға ескерту жасап, сыртқа шығуын сұраған.

Оған құлақ аспаған жас жігіт жүргізушіге жұдырық жұмсап, қаша жөнеледі. Оқиға туралы 102 қызметіне хабарланып, жедел іздестіру барысында Қостанай қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды.

Бұзақының үстінен Қазақстан Республикасының ҚК 293 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

 

Қостанай облысы