Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты коронавирус індетінің алдын алуға қолдау көрсету мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қан тапсырды. Полицейлер қан тапсыру арқылы халыққа көмектесуді тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен де көрсетуді өздеріне міндет санапты.
«Бүгінде өңірдегі медицина қызметкерлері полициямен бірге пандемияның кеңінен таралмауына тосқауыл болуда алдыңғы қатарда қызмет етуде. Біз бүгін медицина қызметкерлерінің жұмысына аз да болса өз үлесімізді қостық қой деп ойлаймын», дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов.
Жамбыл облысы