• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Сәуір, 2020

Ресей мұнай өндіру көлемін 10 млн баррельге дейін қысқарту мүмкіндігін ұсынды

435 рет
көрсетілді

Күні кеше Ресей Президенті мұнай нарығында туындаған мәселелерді шешу үшін АҚШ-пен, сондай-ақ басқа да елдермен күш-жігерді біріктіруге дайын екендігін білдірді. Владимир Путин жаһандық энергетикалық нарықтағы жағдайға қатысты өткен жиында «Нарықты тұрақтандырып, мұнай өндіруге бағытталған әрекеттерді үйлестіру үшін бірлескен күш-жігер қажет. Алдын ала болжам бойынша әңгіме мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 миллион баррельге дейін қысқарту жайында болуы мүмкін»  деп атап өтті. Рсей мұнай бағасының тым жоғары болғандығын қалаған емес, сондай-ақ бағаның тым төмендеп кетуін де қолдамайды. Осыған орай Ресей тарапы ОПЕК + мәмілесін ұзартуға ұсыныс білдіргенімен, нарықтағы жағдай басқаша сценарий бойынша бағыт алып кеткені белгілі.

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак қазіргі уақытта сұраныстың төмендеуіне байланысты өндірістік жағдайдың басқаша сипат алып отырғанын жеткізді. «Қазіргі кезде сұраныстың төмендеуінен артық өндірілген өнім жерасты сақтау орындары мен танкерлерде сақталуда. Әр түрлі есептеулер бойынша қойманы толтыру мүмкіндігі тағы бір жарым-екі ай созылатын жайы бар. Ал нәтижесінде тарихта болмаған жағдайда қор көлемі артады. Тіптен, біздер күтпеген сценарийлер орын алуы мүмкін. Ал оның салдарынан бағаның тағы да төмендеп кетуі ықтимал» деп атап өткен А.Новак сондықтан да мұнай өндіру көлемін азайтуға байланысты бірлескен іс-қимылдарды жедел қабылдау қажеттігіне тоқталды.  Маңыздысы, осы бірлескен әрекеттерде Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ және ОПЕК-ке мүше, тіптен мүше емес елдер де қатысуы қажет.