• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 04 Сәуір, 2020

Қашықтан оқытудың сапасы қатаң бақыланатын болады

257 рет
көрсетілді

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында мамандар қаладағы жоғары оқу орындары мен білім орталықтарын аралап, қашықтан білім берудің қалай өткізіліп жатқандығына орай бақылау жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жемқорлық деректеріне жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр.

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің мақсаты – білім мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықты жоюға және өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мен сапалы білім беру болып табылады, деп атап өтті. Сондықтан төтенше жағдай кезінде ЖОО, коллеждерде білім сапасы төмендеп кетпес үшін мониторинг жүргізу қолға алынған.

Мамандар қаладағы 205 мектеп пен 38 жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізген. Мониторинг жүргізу барысында бақылаумен қатар білімнің сапасы, бағаның әділ қойылуына назар аударылады. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты деректер орын алған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 орталығына хабарласуға болады.

 

АЛМАТЫ