• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2020

Халықаралық рейспен елімізге оралған жүзден астам адам карантинге жатқызылды

144 рет
көрсетілді

Бүгін таңертең Түркияда болған Қазақстан азаматтары мінген рейс Павлодарға келіп қонды. Борттағы 125 адамның көбі Павлодар облысының тұрғындары деп хабарлады бүгін Мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, бортты арнайы костюм киген санитарлық эпидемиология қызметінің өкілдері күтіп алды, әрқайсысының температурасын өлшеп, коронавирус белгілері бар-жоғын тексерді. Келген азаматтар жеке мәліметтері толық көрсетілген сауалнама толтырды. Жолаушылардың барлығы оқшаулау орнына жеткізілді. Ұшып келген азаматтардың әрқайсысынан қажетті талдау алынды, оның нәтижесі бір тәуліктен соң белгілі болады.