Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Атыраудағы №2 облыстық ауруханада корнавирус инфекциясымен 22 емделіп жатыр. Олардың төртеуі қауіпті індетті шет елдерден жұқтырғаны анықталған. Жеті науқас көршілес облыстардан жұқтырып келген. Атырауда тұратын 11 науқас ғана аталған инфекцияға ұшырап отыр.
«Дәрігерлердің айтуынша, 7 науқастың жағдайы тұрақты, сегізінің ахуалы –қанағаттанарлық, бесеуінің жағдайы орташа дәрежедегі ауыр болса, 2 пациентте пневмония бар. Оларда дене қызуы жоқ. Науқастардың ешқайсысын ИВЛ аппаратына қосу қажеттігі туындамады» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жұмасат ҒАЗИЗ
Атырау облысы