• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Сәуір, 2020

Коронавирус һәм көше суреттері

765 рет
көрсетілді

Баяғы батыс... күллі әлем індеттің кесірінен інге тығылып отырса, Еуропаның кейбір еркін ойлы, еріккен көше суретшілері шығармашылығын шыңдап әлек.

Олардың пайымынша, кәсіби галериялар жабылып, музейлерге құлып салынғандықтан жұрттың жүйкесін тыныштандыру үшін бұлар тынбай еңбектеніп жатқан көрінеді. Расында, «ел бұзылса құрады шайтан өрмек» деп Абай жарықтық айтқандай, коронавирустың арқасында көше суретшілерінің күні туыпты.

Бірақ бұл картиналар бажайлап қараған адамға әсер етері хақ. Өйткені, пенде баласы санасына орныққан тылсым індет жайлы бірдеңе білгісі келері анық. Қабырға картиналары да осы межені меңзеп тұр. Ой саларлық, ойлантарлық дүниелер де бар мұнда.