• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Сәуір, 2020

COVID-19: Індетпен күресте қаза тапқан дәрігерлерге «Батыр» атағы берілмек

275 рет
көрсетілді

Қытай елінің Хубэй прованциясы коронавируспен күресіп жүріп, өлім құшқан 14 дәрігерге қаза тапқаннан кейін «Батыр» атағын беру жайлы шешім қабылдады.

Бұлардың арасында жаңа індет коронавирустың қатері жайлы алғаш рет дабыл қағып, күллі жұртты сақтануға шақырған, осы қылығы үшін жергілікті әкімшілік тарапынан қамауға алынып, ақыры өзі де дерт жұқтықтырып қаза тапқан дәрігер Ли Вэнлянь де бар.

Қазіргі таңда АҚШ-тың Қытай басшыларына артып отырған кінәнің бірі – осы Ли дәрігерді тыңдамағаны.  Бұл оқиғадан сабақ алған АҚШ заңгерлері дәрігер Ли атында халықаралық заңнама жобасын дайындап жуықта Конгресске ұсынған болатын. Бұл құжатта төніп келген қауіпті ескермей шара қолдануды кешіктірген лауазым иелеріне қатаң жаза қолдану қарастырылған. Бірақ бұл жаңа заң жобасы Қытай басшыларына ұнап тұрған жоқ.