• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Сәуір, 2020

15 млн өтініш түсті

162 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-баспасөз мәслихаты барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев жұртшылықты ТЖ кезеңіндегі интернет пен электронды үкімет порталының жұмысы туралы хабардар етті.

Министрдің мәліметінше, мемлекет бойынша енгізілген ТЖ режіміне байланысты барлық телекоммуникация желілеріне жүктеме артқан. ХҚО жабылғаннан кейін электронды үкімет порталына түсетін жүктеме күрт өсті, тіпті портал штаттық режімде жұмыс істеген және миллионнан астам электронды қызмет көрсетілген.

«Әдеттегі уақытта порталға сағатына 600 мың өтініш келіп түссе, қазіргі уақытта ең жоғары жүктеме сағатына 15 млн-ға дейін жетеді, бұл порталға өте ауыр жүктеме береді», деді министр.

Сонымен қатар enbek.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталында АӘК ұсыну бойынша қызмет көрсету жөніндегі сайттың жұмысы туралы хабардар етті. А.Жұмағалиев атап өткендей, бірмезгілдік өтініштердің үлкен көлемі онлайн-өтініштердің рұқсат етілген шегінен асып түсті. Бұдан басқа осы порталдың жұмысын үзу үшін жасалған сыртқы кибершабуыл фактілері тіркелген.

«Қысқа уақыт ішінде атаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету бойынша 11 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бүгінде 450 мың азамат 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алуға өтініш берді, бұл ретте 76 мың азамат төлемді алдын ала белсенді режімде тағайындау туралы SMS-хабарлама алды. 66 мыңнан астам адам өздерінің банк карталарына тиісті қаражат алды. Белсенді режімде жәрдемақы алған азаматтарға өздерінің банктік шоттарының нөмірлерін кейіннен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру үшін 238 мың SMS-хабарлама жіберілді.

А.Жұмағалиев атап өткендей, қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталы enbek.kz тұрақты жұмыс істейді, ал Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы порталдың тұрақты жұмысын қолдау бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Ведомство басшысы өз сөзінде азаматтарды атаулы әлеуметтік көмек алуға тіркеу бойынша қызмет көрсетуге бағытталған Telegram-бот әзірлеу туралы жеке тоқталды. Айта кету керек, қазіргі уақытта бот әзірлеу сатысында және жақын арада ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске қосылады, бұл туралы халыққа қосымша хабарланатын болады.