• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2020

Дәрігерлерді демеген дархандық

244 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласындағы «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорны күн сайын қат-қабат қиындықпен бетпе-бет келіп, ынтымақтаса жұмыс істеп жатқан дәрігерлерді жылы сөзімен де, сапалы суымен де қолдап отыр.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ауруханаларға өз өнімдерін тегін жіберген. Бүгін 1250 литр су Ақмола облысындағы карантин кезінде ауруханаларда қызмет етіп жатқан ақ халатты абзал жандарға аттандырылған.

– Күні бүгінге дейін жеті мың литрден астам тегін су жөнелттік,–дейді акционерлік қоғамның директоры Станислав Максимец, – біздің көмегіміз дәрігерлер еңбегімен салыстырғанда түк емес қой. Олар болса, өз өмірлерін қатерге тігіп, адамдардың денсаулығы үшін күресіп жүр. Ол шынтуайтында, бейбіт замандағы ерлікке пара-пар еңбек. Сондықтан, біз қай кезде де бірінші байлық – денсаулыққа қорған болып, елі үшін еңбек етіп жатқан ақ ниетті адамдардың абыройлы ісін ұмытпай, ардақтай білуіміз керек.

Сөз соңында аталмыш кәсіпорынның өңірдегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағытында үлкен үлесі бар ұжым екенін айта кеткен ләзім. Бүгінгі күні де сол үрдістен табылып отырғандары өзгеге өнеге боларлық-ақ  шаруа. 

 

Көкшетау қаласы