• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2020

Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмектерді атады

519 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгенің берілу тәртібін айтып берді.

«42 500 теңге - мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем. Ол төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға беріледі. Ал басқа адамдарға зейнетақы мен жәрдемақылар уақытылы төленуде. Ай сайын 300 млрд теңгеге дейін төленіп жатыр. Сондай-ақ кәсіпкер азаматтарға Үкімет тарапынан салық, несиелер, коммуналдық шығындар жөнінде де көптеген жеңілдіктер қарастырылып жатыр», деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға берілетін әлеуметтік көмектерді атап өтті.

«Аз қамтылған отбасылар, оның ішінде көпбалалы отбасылар  да бар. Барлық мүгедек жандарға, олардың жасына және санатына қарамастан, сондай-ақ  мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналаға, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген адамдарға  Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік бюджет есебінен, «Biz Birgemiz» қоры есебінен және ел патриоттары есебінен азық-түлік жиынтығы мен ақшалай көмек көрсетіліп жатыр», деді министр.