• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2020

Біржан Нұрымбетов халықты жаңылыстырған Telegram-боттардың болғанын айтты

881 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңге алу үшін өтінім беретін Telegram-боттың ресми іске қосылғанын хабарлады.

«42 500 теңге алу үшін өтінім беретін Telegram-бот іске қосылды. Өкінішке қарай, бот кеш іске қосылып отыр. Өйткені бұған дейін біреулер жалған Telegram-боттар шығарып халықты жаңылыстырды. Сондай-ақ  біздің порталдар да жұмыс істемей қалған болатын.  IT мамандар мен біздің министрлік және Цифрлық даму министрлігі тарапынан мамандар күні-түні жұмыс істеді. Осындай техникалық ақаулар үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Қазір Telegram-бот пен порталдар тұрақты жұмыс істеп жатыр», деді Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін 42500 теңге алу үшін өтінім беруге арналған боттың іске қосылғанын жариялаған болатынбыз.