Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде сенатор Владимир Волковтың төрағалық етуімен «2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін жасау заң жобасының негізгі міндеті болып табылады.
Кеңейтілген отырыста комитет мүшесі Сәуле Айтпаева баяндама жасап, заң жобасын ратификациялаудың маңыздылығына тоқталды. «Хаттамада көші-қон саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестіру және жол жүру құжаттарын біріздендіру мақсатында тараптардың азаматтығына тиесілігін көрсете отырып, қосымша беті бар (фотосуреті бар) 16 жасқа толмаған балалар үшін туу туралы куәлікті тараптардың мемлекеттік шекарасының жолын кесу үшін құжаттар тізбесінен алып тастау көзделеді», - деді ол. Оның айтуынша, хаттаманы ратификациялаудың нәтижесінде балалардың құжаты мен жеке басын үйлестіре отырып, кіру және шығу тәртібі халықаралық стандарттарға сәйкестенеді, сондай-ақ көші-қон мәселелерінде екі ел ынтымақтастығының тиімділігі арта түседі.
Депутаттар кеңейтілген отырыста заң жобасын Сенаттың жалпы отырысында қарауды ұйғарды.