• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Сәуір, 2020

Шектеу шаралары инфекцияның таралу қарқынын төмендетуде - Айжан Есмағамбетова

179 рет
көрсетілді

Енгізілген бақылау-шектеу шаралары инфекцияның таралу қарқынын төмендетуде. Бұл туралы Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Бүгінгі күні енгізілген бақылау-шектеу шаралары инфекцияның таралу қарқынын төмендетуде. Мәселен, 27 наурыздан бастап Нұр-сұлтан қаласындағы жағдайдың күн сайынғы өсімі 5 сәуірде 60 жағдайдан 0 жағдайға дейін төмендеді, Алматы қаласында күн сайынғы өсім орташа есеппен 15-тен 6 жағдайға дейін өзгеріп отырады. Республика бойынша індет жұқтыру өсімі 10% шегінде, алайда бірқатар өңірлерде Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында 20 - дан 30% - ға дейін жоғары өсім байқалады. Бұл қосымша шектеу іс-шараларын енгізу қажеттілігін талап етеді», деді Айжан Есмағамбетова.