Барлық университеттерде оқу үрдісі қашықтан ұйымдастырылады. Студенттер мен оқытушыларды оқшаулану режимін сақтауға шақырған Ғылым және жоғары білім министрі В.Фальков оқыту жүйесіне қатысты туындаған бірқатар мәселелерге жауап берді. 2020 жылы үміткерлер үшін бюджеттік орындарға құжаттарды тапсыру 10 тамызда аяқталады.
Тиісінше, оқуға түсудің бірінші толқыны 19 тамызда, екіншісі 24 тамызда өтеді. Министрлік 1 қыркүйектен бастап барлық студенттер, соның ішінде бірінші курс студенттері сабаққа қатысады деп отыр.
Маңыздысы осындай қиын жағдайда студенттер мен магистранттарға шәкіртақы төленеді. Бұл мақсатта, яғни 13 миллион рубль университеттерге, 178 миллион рубльден астамы ғылыми мекемелерге аударылған.
Мектептерде де оқыту қашықтық форматында жалғасады. Интернетте проблемалар туындаған аймақтарда оқулықтарды қолданып, мұғалімдермен байланыс ұялы телефондар арқылы жүзеге асырылады. Ал емтихан күндері жағдайдың ары қарай қандай болатындығына байланысты анықталады.