OLX.kz Қазақстанда 8,5 миллионнан астам нақты тұтынушылары бар алаң. Орта есеппен алғанда жаңа хабарландыру әрбір екі секунд сайын жарияланып отырады. Әрбір екінші қазақстандық кем дегенде айына екі рет ОLX.kz қызметіне жүгінеді.
Сервис қазақстандықтардың өмірін жақсартатын шешімдерді іздеу мақсатында платформалық брендін жаңартты. Енді OLX.kz әрбір қазақстандыққа қай жағынан болса да жақсы таңдау жасауға мүмкіндік береді. Жұмыс іздей ма, көрсетілетін қызмет түрлерін қарастыра ма, сатып алу жағына көңіл бөле ме, осылардың қай-қайсысында болса да жаңа таңдауға мүмкіндік ұсынып отыр.
Әлемдік тәжірибеде брендті жаңарту – бұл брендті бизнестің қазіргі жағдайымен, жоспарларымен, тұжырымдамасымен және көзделген аудиториясымен үйлестіру мүмкіндігі екенін атап кету керек. Дәл қазіргі жағдайда жаңарған OLX бренд туралы түсінікті жаңарту, аудиторияға жаңаша бір шешімдерді табуға мүмкіндік беретін алаң ретінде қарастыру мүмкіндіктерін ұсынады, дейді OLX Қазақстанның Бас директоры Елена Ким.
Қазақстандағы даму тарихында көрнекілік бренд тұжырымдамасын екінші рет жаңартуда. 2014 жылы Slando.kz сервисі халықаралық OLX Group группасына қосылып, OLX.kz брендіне ауысқаны белгілі. OLX Қазақстанның Маркетинг бойынша жетекшісі Дана Бергарипова «OLX.kz брендінің жаңаруы – бұл қазақстандықтарға компания құндылығын жаңа қырынан көрсететін мүмкіндік. Біз «бұйымдарға толы сайт» шеңберінен асып, қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертетін шешімдерді іздейтін сервиске қарай жылжыдық. Ол үшін OLX.kz керегіңіздің бәрін табатын мүмкіндікті ұсынады: жұмыс дейсіз бе, қызмет, тауар, жылжымайтын мүлік, көлік дейсіз бе, бәрі бар және нарықтағы ұсыныстардың түр-түрі бар» екендігін атап өтті.
Енді OLX-ті қолдану бұрынғыдан да ыңғайлы. Шығармашылық ұжым келбетін жаңартып, тұтынушылық тәжірибесін жетілдірді. Тұтынушылар үшін брендтің жаңаруына алаңдаудың еш қисыны жоқ, өйткені жаңа техникалық өзгерістер болмаған.
6 жылда сервис «Тегін» санатының арқасында жақсылық жасағысы келген 100 000 тұтынушы 600 000 отбасыға көмектесті. 870 000 бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар әртүрлі бизнес саласына мамандар табуға ықпал етті. 3 миллион қазақстандық жақындарына ғана емес, сонымен қатар еліміздің экономикасына да көмектесе отырып, бизнесін OLX.kz-пен бірге дамыта бастады. Ал 300 000-нан астам отбасы жылжымайтын мүлік сатып алса, 3,5 миллион қазақстандық сервис қызметтерін пайдаланған. Жаңартылған OLX қосымшасын ендігі мына сілтемемен өтіп, қолдануға болады https://www.olx.kz/mobileapps/
АЛМАТЫ