Үндістан үкімет басшысы Нарендра Модидың үкімімен ел аумағына жолаушы тасымалдайтын барлық пойыз жұмысын тоқтатты. Оған себеп, баяғы коронавирус. Бүгінгі таңда аталмыш мемлекетте 4400-ден астам адам індет жұқтырса, олардың 120-сы бақилық болған. Халық саны 1.3 миллиардқа жеткен үнділіктер үшін оқыс келген дерт оңғайға соқпайтын түрі бар.
Егер вирус жұқтыру қарқыны осы екпінмен кете берсе, ауруларды оқшаулап емдейтін орын жетіспеуі анық. Сол себепті, үкімет барлық жолаушы пойыздарын қаңтарып қойып, ондағы вогандарды 20 мың адамға ыңғайластырған уақытша аурухана жасауға көшті.
Дәл қазір елдің түкпір-түкпінде осындай 125 воган-аурухана дайын тұрса, алдағы екі апта ішінде 5000 төсектік тағы бірнеше емдеу орны жасалынбақ. Онда медбикелер бөлмесі, дәрігердің жеке кабинеті, сондай-ақ емдеу құралдарын сақтайтын орын болады.
Негізінен алғанда Үндістанның темір жол жүйесі көлемі жағынан әлемде 4-ші орында. 7349 бекет арасына қатынайтын шойын жолдың ұзындығы жер шарын екі орайтындай дәрежеде.
–Мұндай ауруханалардың тағы бір тиімді тұсы - дейді темір жол жүйесінің көпшілікпен байланыс департаментінің басшысы Ражеш Дутт Бажпей мырза, індет ошағы көбейген жерге аурухана өзі көшіп бара алады.