• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Сәуір, 2020

COVID-19 жұқтырған адамды анықтайтын қосымша пайда болады

292 рет
көрсетілді

Еуропа ғалымдары жақын маңда коронавирус жұқтырған адамның бар-жоғын анықтайтын смартфондарға арналған қосымша дайындап жатыр деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Business Insider-ге сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметттеріне қарағанда, сегіз елдің 130 ғалымы коронавирус жұқтырғандарға зерттеу жүргізетін көрінеді.

Дәрігерлер қосымшаға науқастардың саны туралы мәліметтерді жариялай алады. Сондай-ақ қосымшаның Bluetooth арқылы жұмыс істейтіні және кем дегенде екі метр қашықта коронавирус жұқтырған адамның бар-жоғын ескертетіні айтылады.

Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл қосымша коронавирустың жаппай таралуын азайтуға септігін тигізеді екен.

Айта кетейік, 7 сәуірден, яғни бүгіннен бастап бұл қосымша Еуропада жұмыс істей бастайды.

Соңғы жаңалықтар