Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Facebook парақшасында жарияланды.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары аясында заңсыз ақша алғаны үшін бірқатар кеден бекетінің 20-дан астам қызметкерін ұстады. Олар аз уақыт ішінде миллиондаған теңге, он мыңдаған доллар және басқа да валютамен ірі сомада қаржы алды» делінген жазбада.
Анықталғандай, кеден қызметкерлері Қытайдан Өзбекстанға бет алған жүк көлігін Қазақстан арқылы қиындықсыз өткізу үшін пара алған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген іс-шаралар нәтижесінде лауазымды тұлғалар, кеден органдарының, сондай-ақ, фитосанитариялық, ветеринарлық және көлікті бақылау қызметкерлерінің заңсыз әрекеті тіркелді.