• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2020

Jýsan Bank карталарын үйге тегін жеткізіп береді

229 рет
көрсетілді

Jýsan Bank  Алматы қаласында мультивалюталық дебеттік карталарды тегін жеткізуді іске қосты. Бұл қызметті жеке тұлғаларға арналған  Jýsan мобильді қосымшасы арқылы қолдануға болады.  Нұр-Сұлтан қаласында да қолжетімді болып табылатын карталарды жеткізіп беру қызметі жақында Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Петропавл секілді басқа қалаларда да іске қосылады.

«Біз банктік қызметтердің барлық пайдаланушыларына арналған ыңғайлы тегін функцияны іске қостық. Енді сіздің үйден шықпай Jýsan Bank картасына тапсырыс беру және алу мүмкіндігіңіз бар. Бұл қызмет қызметтерімізді бұрыннан пайдаланалып келе жатқан клиенттер үшін де, сондай-ақ банкіміздің картасы жоқ клиенттер үшін де қолжетімді. Курьер сізге қажетті құжаттарды алып келеді және толтыруға көмектеседі. Мобильді телефон нөміріне активация коды жазылған  SMS-хабарлама келгеннен кейін бірден картаны пайдалануды бастауға болады», – деп бөлісті  Jýsan Bank басқарушы директоры Лариса Белова.

Jýsan Pay картасын ашудың және оған жыл сайынғы қызмет көрсету тегін.

Карталарды жеткізу жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асады.

Толығырақ jysanbank.kz сайтында немесе 7711 телефон нөмірі бойынша (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін).

Үйге тегін жеткізілетін Jýsan Pay  мультивалюталық дебеттік картасына қалай тапсырыс беруге болады: Jýsan мобильді қосымшасын жүктеп алу; тіркеуден өту; Jýsan Pay картасын таңдау және тапсырыс беру; Картаны алу әдісі ретінде жеткізуді таңдау және мекен-жайды көрсету.