• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Сәуір, 2020

COVID-19: Италияда вирустың беті қайтты

312 рет
көрсетілді

Коронавирус жұқтырудан алдына қара салмай келе жатқан Италияда соңғы екі аптада індетке ұшырағандар саны азайып, дерттің беті қайтатын түрі бар.

Бұл вирус қабындағаннан бергі алып апта ішінде тіркеліп отырған алғашқы қуантарлық жағдай. Өйткені, елде 130 мыңға жуық адам дерт жұқтырса, оның 16 мыңдайы көз жұмған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл ілгерілеушілік 9 наурыздан бастап жүргізілген елдегі оқшаулау шарасының нәтижесі екен. Үкімет алда коронавируспен күресудің келесі кезеңіне дайындық шараларын қарастырып жатқан көрінеді. Бұл туралы кеше елдің Денсаулық министрі Роберто Сперанза мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар