• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Атырау: Төтенше жағдай 108 рет бұзылды

311 рет
көрсетілді

Атырау облысында төтенше жағдай режимін елемегендер 108 құқықбұзушылық жасаған. Мәселен, бір саунаның иесі карантин талабын бұзып,  қызмет көрсетуді жалғастыра берген. Енді ол осы әрекеті үшін  бес тәулікке қамалды. 

Сондай-ақ  Исатай ауданындағы бір дәмхананың жұмысы  шектеу шараларына байланысты бекітілген уақыттан тыс кезде де жалғасқан.

Ал, Атырау  қаласындағы асханалардың бірінде де осындай өрескелдік анықталды. Бұл  асханаға келушілердің арасында алкогольдік ішімдік ішкендер болған. Ащы судан дәм татып, назарға іліккен 6 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.   

«Өйткені, олар қоғамдық орында мас күйде болғаны,е полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін жауапқа тартылып отыр. Сондай-ақ, блокпосттарды айналып өтуге қатысты  10  дерек тіркелді. Қазіргі таңда 86 әкімшілік іс бойынша сот шешімі шықты. Ал, 22 әкімшілік іс қаралып жатыр» - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ