• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Сәуір, 2020

Ең бастысы – үйлесімді жұмыс істеу

253 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі жағдайға байланысты дер кезінде қабылдаған шешімі аясындағы жаңа шаралар пакетінде халықтың табысын сақтауға және әлеуметтік осал топтарды демеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыспен қамтуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және т.б. баса назар аударылды.

Дағдарыс кезеңінде ең бірінші болып аз қорғалған санат «соққы» қабылдайды және оның салдарын сезінеді. 200 млрд теңге көлеміндегі қаражат бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған. Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды 10%-ға индекс­теу жылдық мәнде бағаның өсуіне бай­ланысты кіріс шығынын ішін­ара өтейді. Бұл ретте көмек көрсетілетін азаматтар санат­тары­ның тізбесі кеңейтіледі, сондай-ақ осал санатқа қолдау көрсетіледі.

Төтенше жағдай кезеңінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен ресми емес жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік төлемдер туралы мәселе бойынша нақты айтылды. Олар жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының шамамен 24%-ы. Табысын жоғалтқан тұлғалар үшін негізгі міндет 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алу үшін өз мәртебесін ресімдеу қажет. Қосымша төлемдер алу жағдайында азаматтардың ар-ождансыз қатынасына байланыс­ты әртүрлі пікірлер де айтылды.

Алайда Мемлекет басшы­сының қиын жағдайда жүрген және шын мәнінде көмекке мұқ­таж адамдардың пайдасы үшін жасаған шешімі салмақты фак­тор болып, осы шешімді қабылдаудағы жағымсыз ой-пікір­лерден басым түсті. Ел үшін қиын уақытта жекелеген теріс пи­ғылды азаматтардың түсі­ніс­тікпен қарауына үміт артамыз.

Елдегі шағын және орта биз­нес жұмыспен қамтылған халық­тың жалпы санының 37,5%-ын қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпорындардың өнім шы­ғару мен қызметтерінің жалпы көлемінде ең үлкен үлес саудаға – шамамен 25%, құрылысқа – 17%, одан әрі ауыл шаруашылығына 8% тиесілі. Сондықтан еңбекақы төлеу қорынан 6 айға салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу мен төлеуді алып тастау (бұған әлеуметтік аударымдар, табыс салығы, зейнетақы жарналары мен медициналық сақтандыру және т.б. жатады), ШОБ-қа боса­ған қаражатты бизнесті, яғни жұмыс орындарын сақтауға мүм­кіндік беретін салаларға қайта бағыттауға жағдай жасайды. Қал­ған салық төлемдеріне келетін бол­сақ, олар 3 айға кейінге қал­ды­рылды. Бұл ШОБ-ты қолдау бойынша жарияланған бұрынғы шараларға тағы бір қосылған же­ңілдік болады.

Маңызды шараларды іске асыру үшін барлық қаражат көздері, соның ішінде 2019 жылдың ба­сын­дағы активтері 24,5 млрд теңгені құраған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да пайдаланылады.

Бөлінген қаражатты тиімді иге­ру мен ашықтығын қамтамасыз ету – атқарушы мемлекеттік ор­ган­дардың негізгі міндеті. Біздің әл-ауқатымыз осыған байла­нысты. Барлық және әр адам­ның үйлесімді жұмысы істеуі ма­ңыз­ды. Мемлекет пен қоғамның тиім­ді өзара іс-қимылы арқылы біз дағ­дарыстық кезеңнің қиындықтарын еңсере аламыз.

 

Әсел ӘБЕН,

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы