• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2020

ЮНИСЕФ «Үйде оқимыз» онлайн-челленджін бастады

422 рет
көрсетілді

Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Instagram және Facebook желілерінде #ҮйдеОқимыз атты онлайн-челленджін іске қосты. Бір ай бойы танымалы қазақстандық аналар мен әкелер пайдалы және қызықты ойындар мен іс-шараларды барлық ата-аналармен бөлісіп, оларға ұсынылған шараны өз балаларымен қайталауға ынталандыратын болады.

Бұл бастаманың мақсаты – ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынасын нығайту, сонымен қатар коронавирусқа байланысты карантин уақытындағы оқшауланудың жағымсыз салдарын алдын алу. Шектеулермен бірге, карантин кезі ата-аналарға балаларымен бірге көбірек пайдалы және қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы онлайн-челленджге қатысу арқылы ата-аналар балаларымен бірге қызықты әрі пайдалы бірлескен шараларды жасаудың арқасында арадағы қарым-қатынастары жақсарады.

«Балалар ойын арқылы үйренеді. Сондықтан Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі белгілі медиа тұлғалар мен блогерлердің қатысуымен ата-аналарға арналған #ҮйдеОқимыз атты онлайн-челленджін бастады. Бұл жобаның ата-аналар мен кішкентай балалардың бірлескен ойындары мен іс-шараларының репертуарын кеңейтуге, ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтып, жақсартуға, сонымен қатар балабақша мен мектепке дайындалуына көмектесетіндігіне біз сенімдіміз. Осылайша, әрбір қазақстандық бала қауіпсіз және қолайлы ортада барынша толықтай дамуы үшін, біз позитивті тәрбиелеу мәдениетін дамытып, әкелердің бала тәрбиесіне қатысуын ынталандырғымыз келеді», - деп бөлісті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс маманы Әсел Садуованың айтуынша, #ҮйдеОқимыз челледжінің алғашқы тапсырмасын ЮНИСЕФ-тің Ізгі Ниет Елшісі, белгілі шахматшы Динара Сәдуақасова жариялады. Сонымен қатар, белгілі әртіс Санжар Мәди, жазушы Әсел Сапақова, блогерлер Альмира Орлова және Айна Досмахамбетқызы, әртіс Мұрат Мутурганов, тележүргізушілер Әйгерім Есенәлі және Данияр Есен, кәсіпкер Рамиль Мухоряпов, психолог Динара Болат, журналист Данияр Мусиров және басқа да танымал тұлғалар осы бастамаға қатысуға келісімін берді.

Онлайн-челлендж қалай өтетін болады?

Ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін бір ай бойы, күн ара белгілі медиа тұлғалардың немесе блогерлердің бірі ЮНИСЕФ-тің Instagram және Facebook парақшалары мен өздерінің парақшаларында ата-аналарға арнап пайдалы ойын немесе іс-әрекетті ұсынатын болады.

Әрбір ата-ана осы бастамаға қосылуы үшін ұсынылған ойын немесе тапсырманы балаларымен қайталап, оны бейнеге түсіріп, өз парақшаларында пост немесе сториз арқылы жариялауы қажет. Ең бастысы @Unicefkazakhstan тэгін белгілеп, #ҮйдеОқимыз хэштегтерің жазуы қажет. Онлайн-челлендждің барлық іс-шаралары ЮНИСЕФ-тің Instagram және Facebook парақшаларында жарияланып отыратын болады.

 

АЛМАТЫ