Халықаралық бизнес университеті (UIB) Алматы қаласының мектептеріне онлайн және қашықтықтан оқыту форматында сабақ өткізуге қолдау көрсетеді.
Университеттің пилоттық жобасы Алматы қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы № 56 гимназияның білім беру процесіне қолдау көрсету және онлайн-сабақтарды өткізудегі тәжірибесінің негізі болып табылады. UIB мамандары онлайн форматтағы сабақтарды өткізу бойынша қосымша құралдарды пайдалану талап етілген оқыту барысын қолдауда сенімді. Бұл ретте оқыту әдістемесі мен оқушылармен қарым-қатынас форматын мектептің өзі анықтайды.
Қаныш Сәтпаев атындағы № 56 гимназияның директоры Айнұр Нұрпейісова атап өткеніндей, гимназияның мұғалімдері мен оқушылары осындай қиын уақытта онлайн-платформаның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қашықтықтан білім алу мүмкіндігіне ие. UIB IT-мамандары Microsoft Teams платформасын арнайы осы гимназия үшін бейімдеді. Ал барлық мектептер үшін 2000-нан астам есептік жазбалар жасалып, виртуалды кластарды қалыптастырды. Платформаның әрбір пайдаланушысы үшін бейнеқұрылымдарды әзірлеп, техникалық және сервистік қолдауды жүзеге асыратын болады.
UIB университетінің президенті Дархан Ахмед-Заки қашықтан оқуды қолдауға байланысты университеттің бастамасына орай «Соңғы жылдары біз MBA жаңа бағдарламалары мысалында онлайн-оқыту кезінде білім алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың заманауи әдістемесі мен нысандары бойынша мол тәжірибе жинақтадық. Бүгін GSB UIB executive және MBA-да модульді-қашықтықтан оқыту форматтарын ұсынады. Біздің студенттеріміздің әлеуметтік дамуы мен мансаптық өсуін ұйымдастыру үшін қажетті құзыреттілікті бағалау және қалыптастыру арқылы қазірдің өзінде жаңа цифрлық сервистер енгізілуде: UIB_Social_development, UIB_ROS және UIB_Jumys. Өзінің үшінші миссиясын жүзеге асыра отырып, UIB қаламыздың мектептері мен колледждеріне онлайн және ЕҰ ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайын», - деп атап өтті.
АЛМАТЫ