• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Қыркүйек, 2013

Сирия оппозициясы АҚШ шабуылына жауап қайтаруға дайын

281 рет
көрсетілді

«АҚШ Сирияға қарсы әскери әрекет жүргізетін болса, Таяу Шығыста орналасқан Америкалық нысандардың барлығы да жанкештілер батальондарының шабуылдарына ұшырайтын болады», – деп мәлімдеді Сирияның «Аш-Шабаб» оппозициялық партиясының бас хатшысы Махир Мирхидж. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Біз Сирия үкіметіне қарсы оппозициялық күш болғанымызбен, отанымыздың біз үшін үлкен маңызы бар. Осыған орай біз Таяу Шығыстағы Америка нысандарына қарсы операция жүргізуге дайын бірнеше жанкештілер батальонын құрдық». – деді оппозиция өкілі.

«АҚШ Сирияға қарсы шектеулі әскери операция жүргізгеннің өзінде Сирия халқы тарапынан жауап қайтарылып, бұл әрекет кең ауқымды соғысқа ұласып кетуі мүмкін», – дейді "Аш-Шабаб" партиясының басшысы. Ол сондай-ақ, Дамаскіде химиялық қаруды Сирияның ішкі оппозициясы да, үкімет әскері де қолданбағанын алға тартты. Партия басшысының айтуы бойынша, химиялық қаруды елге Түркия аумағынан кірген радикалды экстремистер қолданған.

 

Айдар Өрісбаев.