• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Сәуір, 2020

Роман Креч: Спортпен қоштасқым келген еді

129 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комиетінің #ҮйдемізTeamKZ онлайн жобасында конькиші Роман Креч қонаққа келді. Әдеттегідей, эфир қонағы карантин кезінде немен шұғылданып жатқанын тілге тиек етті.

«Жарыстың барлығын соңына таяп, маусым аяқталар тұста карантин жарияланды. Қазіргі таңда үйде отбасымызбен біргеміз. Қазір барлығымыз бірге  маусым біткен соң демалып алып, онлайн жаттығуға көштік. Веложаттығудан бастадық жаттығуды. Дене шынықтырумен айналысып, өзіміздің осал тұсымызды байқап, соны жақсартуға жұмыс істеп жатырмыз. Одан бөлек,  кітап оқып, тіл үйреніп, өзімізді дамытуға барымызды салудамыз", дейді Роман Креч. 

Сонымен қатар Роман Креч жарақатына байланысты бір маусымнан тыс қалғаны туралы да айтып берді. 

«Алдыңғы маусымнан толық тыс қалдым десем болады. Жарыс түгілі, жаттығу жиындарына қатыса алмадым. Физикалық, моральді тұрғыдан толық демалдым. Мұзға қашан шығатыным белгісіз болды. Жарақатымның кесірінен спорт мансабымды аяқтаймын ба деп ойладым. Алайда, қиын сәтте команда мені қолдап, берілмеуге үгіттеп, жігерлендірді. Ұлттық құрамаға, бас бапкерге қолдауы үшін ерекше алғыс айтамын.  Жарақатымнан айыққан кейін мұзға шығып, өзімді қолға алдым. Үздіктермен сынға түскеннен кейін өзімді қайрап, қалпыма келдім", деп бөлісті Роман.