• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Сәуір, 2020

216 мыңнан астам адамға төлем тағайындалды

181 рет
көрсетілді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 216 922 адамға төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды.

8 сәуірдегі сағат 14:00-дегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланыс­ты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 млн 688 мың 131 азаматтан бар­лығы 2 млн 755 мың 866 өтініш келіп түсті. Осылайша 1 млн 67 мың 735 қайталанатын өтінім тіркелді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтініштерді қарау мерз­імдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулерін сұрайды.

Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құ­рай­ды. МӘСҚ-та төлем жасау тура­лы шешім қабылданғаннан кейін өті­ніш берушіге SMS-хабарлама ке­­ле­ді. Кейіннен өтініш берушінің де­рек­тері «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ға жіберіледі, ол оны екінші дең­гейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сай­ты және https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қолда­ныс­тағы қағидаларға сәйкес төтен­ше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға МӘСҚ-тан айына 42 500 теңге мөлшерінде берілетін әлеуметтік төлем келесі санаттарға:

– шағын және орта кәсіпкерлік субъ­­­­ектілерінің жалақысы сақ­тал­май­тын демалыстағы қызмет­кер­ле­рі­не;

– карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жа­ла­қысы сақталмайтын дема­лыс­тағы қыз­меткерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қос­па­­ғанда, коммерциялық емес заң­ды тұлғалардың жалақысы сақ­тал­май­тын демалыстағы қыз­мет­кер­ле­ріне;

– жеке кәсіпкерлерге;

– жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.