• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2013

Конкурс нәтижесімен танысты

424 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің эскиз-идеясын таңдау жөніндегі архитектуралық конкурстың нәтижесімен танысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне көрменің өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар өз параметрлері бойынша ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алынған эскиз-идеяларды қарап шығып, олардың әрқайсының жақсы жақтарын атап өтті. Елімізде «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға қатысты қарастырылған жобалардың перспективасының жайы бөлек талқыланды.

ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің үздік эскиз-идея­сы туралы шешім кейін жария етіледі.

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар