Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фронт-офис операторларымен бірге қашықтан оқу тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап береді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Telegram арнасында жарияланды.
- Бүгін сағат 13:00-14:00 аралығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фронт-офис операторларымен бірге 1450 нөмірі бойынша ведомствоның call-орталығына түскен қоңырауларды қабылдап, қашықтан оқу тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап береді, - делінген хабарламада.