• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Сәуір, 2020

Өңірлердегі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі үшін іс-шаралар жүргізілуде - Юрий Ильин

242 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елдегі су тасқыны кезеңінің өтуі жайында баяндады.

«14 наурызда Көкшетау қаласының Әшімов көшесінде автомобиль көпірінде су тасу орын алды. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында тұрғын үйлерді су басқан жоқ. Өңірлердегі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі мақсатында мұзды босату, арықтарды, арналарды  және автомобиль мен темір жолдарының астындағы су өткізу құрылыстарын  тазалау профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде», деді ол.

Ішкі істер министрі орынбасарының сөзіне сенсек, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары су тасқынының белсенді фазасына түсіп отыр.

«Температураның жоғарылауы салдарынан қарқынды түрде қар еру жалғасуда, жекелеген өңірлерде қар және жаңбыр түрінде мол жауын-шашын түсуде. Осының  бәрі су тасқынының күрделенуіне әкеп соғады. 7-9 сәуір аралығында республикада еріген қар суы мен тасқын сулары Қостанай облысында 60 тұрғын үйді және Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының 115 аула аумақтарын басты. Қар және жаңбыр түрінде мол жауын-шашын түсуі, өрістерден еріген қар суының келуі салдарынан  Тімтуір өзенінің су деңгейі көтерілді, бұл 60 тұрғын үй мен Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарамырза ауылында Набережная көшесінде орналасқан 110 аула аумақтарын су басуға әкеп соқты», деді Ю.Ильин.