• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Сәуір, 2020

Ақмола облысында қатты желден 200-ден аса ғимарат қираған

144 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«6-8 сәуірде жылдамдығы секундына 30 метрге жететін қатты жел Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Салдарынан бұл жерлер жарықсыз қалды. Әртүрлі ғимараттардың шатыры ұшты. Осы уақытта 3 өңірде 395 нысанға зақым келді. Ақмола облысында 210 нысан, Қостанай облысында 92 нысан, Солтүстік Қазақстан облысы 93 нысан. Бұл - әкімшілік, тұрғын-үй ғимараттары» деді ол.

Айта кетейік, Ақмола облысында оқыс оқиғаның салдарынан бір адам қайтыс болып, 22 адам зардап шеккен болатын.