• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Сәуір, 2020

Жабай өзенінің су деңгейі 3 метрге дейін көтерілді - Юрий Ильин

211 рет
көрсетілді

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарамырза ауылының  30 жеке тұрғын үйін су басуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Қостанай облысында 47 адам, соның ішінде 13 бала эвакуацияланды. Олардың барлығы туыстарына орналастырылды. Ауыл шаруашылығы жануарларын сақтап қалу үшін 608 бас ірі және ұсақ мал, 450 шошқа және 15 жылқы қауіпсіз жерге ауыстырылды», деді Юрий Ильин.

Оның айтуынша, қардың қарқынды еруінен және мол жауын-шашынның түсуінен Жабай өзенінде су деңгейі 3 метрге дейін күрт көтерілген.

«Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балқашино ауылында 2 аула маңы аумағын су басты. Ақмола облысы Сандықтау аданының Балқашино ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупін жою үшін 32 адам, 8 бірлік техника мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысында аула аумағындағы су сору, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде», деді ол.