• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2013

Еліміз елулікке енді!

374 рет
көрсетілді

Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан G-20 (Үлкен жиыр­малық елдері) алаңшасындағы Орталық коммуника­циялар қызметі көшпелі брифингінің барысында осы құ­рылымның ресми өкілі журналистерді Қазақстанда үсті­міз­де­гі аптада болған ең маңызды оқиғалармен таныстырды.

Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан G-20 (Үлкен жиыр­малық елдері) алаңшасындағы Орталық коммуника­циялар қызметі көшпелі брифингінің барысында осы құ­рылымның ресми өкілі журналистерді Қазақстанда үсті­міз­де­гі аптада болған ең маңызды оқиғалармен таныстырды.

Ресми өкіл А.Әбибуллаевтың атап көрсеткеніндей, Бүкіл­әлемдік экономикалық форум 2013 жыл­дың 4 қыркүйегі күні 2013-2014 жылдарға жаһандық бәсе­ке­лес­тік туралы жылдық есебін жа­риялаған. Осы есеп бойынша Қазақстан өткен жылғы көрсеткішінен бір сатыға алға басып, 148 елдің арасынан 50-ші орынды иеленген. Бұл рейтингтік орын Қазақстанның 2005 жылдан бастап осы есепке алынғаннан бергі бүкіл тарихындағы ең үздік нәтижесі болып табылады. Мұның өзі ел басшылығы алға қойған міндетке сәйкес, еліміздің әлемдегі ең үздік елу елдің арасына кіргендігін білдіреді.

Енді осы оқиғаның жуықтағы тарихына назар аударып, халық­аралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер тарапынан болатын бағалаулардың мұның алдындағы кейбір нәтижелері жайында сөз ете кетейік.

Халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер қалып­тастыратын әртүрлі әлемдік рейтингтік көрсеткіштер ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Осы жағдайға байланысты Қазақстанның халықаралық рейтингі жасақталды.

Мәселен, бәсекелестік қабі­лет­тілікті анықтау жөнінде неғұрлым беделді деп табылатын рейтингтер бойынша Қазақстан төмендегідей орындарға ие болған.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2012 жылғы бәсе­ке­лестіктің жаһандық индексін анықтау жөніндегі рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 144 мемлекеттің арасында 51-ші орынды иеленді.

Мұның сыртында Менед­ж­­­ментті дамыту халықаралық инс­титутының 2013 жылғы бәсекелестікке қабілеттіліктің әлемдік индексін анықтау бойынша біздің еліміз 60 елдің ішінде 34-ші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, Бүкіләлемдік банктің бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Doing Business индексі бойынша Қазақстан әлемнің 185 елі арасында 49-шы орынға ие болды.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы 2012 жылғы адам әлеуетінің даму индексін анықтау рейтингінде Қазақстанға 187 елдің арасынан 69-шы орынды белгілеген.

Міне, осы рейтингтік көр­сеткіштердің бәрі біздің еліміздің өмірдің әр саласы бойынша жылдан-жылға алға басып келе жатқандығын көрсетеді.

Біз осы мақаланы жазу барысында Қазақстанның халықаралық рейтингіне қатысты тағы бір жа­ғым­ды жаңалыққа тап болдық. Бү­кіләлемдік банктің бизнесті жүргізу жөніндегі 2013 жылғы Doing Business есебі бойынша Қазақстан енді 49-шы орынды иеленген екен. Бұл осы ұйымның 2011 жыл­ғы есебінен тағы да 7 орын­ға алға жылжығанымызды көр­се­теді. Сөйтіп, Қазақстан жаңа есеп бойынша Қытайды (91-ші орын), Түркияны (71-ші орын), Польшаны (55-ші орын), Ресейді (112-ші орын), Белоруссияны (58-ші орын), Қырғызстанды (70-ші орын) артқа тастаған.

«Мұның сыр­тында Қазақстан биылғы жылы бизнесті жүргізу ісін едәуір дәрежеде жеңілдеткен елдер­ қатарына қосылып отыр», деп атап көрсетілген Doing Business сайтында. Қазақстанның осы жетіс­тік­терін халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агент­тік­тер ғана емес, сонымен қатар, есімдері танымал сарапшылар да атап көрсетуде.

Эдмунд ФЕЛПС, экономика жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты: – Мен Қазақстанда болып, ондағы экономикалық дағдарысты ауыздықтау жөніндегі халықаралық жиынға қатыстым. Сонда маған Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның ұсынған идеялары мен өз елінде жүргізіп жатқан жұ­мыстары өте ұнады. Мен бұл ел Үкіметінің дағдарысты еңсеру бағытындағы шараларына, бизнеске жасап жатқан қам­қорлықтарына қолдау біл­ді­ремін. Әлемдік дағдарыс аяқ­талған сәтте Қазақстанның одан жақсы жағдайда шығатынына, алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналатындығына сенімдімін.

Жан ЛЕМЬЕР, Еуропа Қай­та құру және даму банкі­нің экс-президенті:

– Біз Қазақстанның бірте-бірте алға баса отырып, жағ­дайды жақсарта түсетіндігіне сенімдіміз. Мемлекеттер мен үкіметтердің көшбасшылары дағдарыстан кейін не бо­ла­тындығы ту­ралы ойлануы керек. Осы жағдай Қазақстанда бар.

Бұл ел мемлекеттік қаржыларды инфрақұрылымдарды жақса ртуға, жастарды қолдауға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын нығайтуға, отандық бизнесті көркейтуге бағыттап келеді. Мұның нәтижесін біз көп өтпей-ақ байқайтын боламыз. Халықаралық рейтингтерде Қазақстан көрсеткіштерінің көтеріле түсуі соның бір белгісі.

Салех Саед Лутах, Дубай Ислам банкі (БАӘ) кеңесінің мүшесі:

– Мен Қазақстанда болғаныма, ондағы халықаралық талқылауларға қатысқаныма қуаныштымын. Қазақстан Үкіметінің бизнесті жақсарту жөнінде жүргізіп жатқан жұмыстары қиын кездің өзінде тиімділігін көрсетуде. Бұл жұмыстар жеке бизнес пен бүтіндей рынокты жақсарту бағытында бірқатар шаралар топтамасын қарастырып, оларды жүзеге асыру негізінде мақсатты түрде жүргізіліп келеді. Сондықтан Қазақстан басшылығының бұл жұмыстары дағдарыс аяқталған кезде жан-жақты тиімділігімен көрініс табады деп есептеймін.

Қазақстанның жүргізіп жатқан жұмыстарына беделді сарапшылар, міне, осындай пікірлер білдіріп отыр. Бұл пікірлер біздің халықаралық рейтингтер бойынша қол жеткізген жетістіктеріміздің мәнін аша түсетін өзіндік бір түсіндірмелер секілді.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар