• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2013

Тарих науқаншылдықты сүймейді

248 рет
көрсетілді

Маусым айында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасы инемен құдық қазғандай осы ғылымның ауырлығын арқалап жүрген тарихшылар үшін өте қадірлі жаңалық болды. Бұл тек тарихшылар үшін маңызды десек, тым тайыз айтқандық болар еді. Тарих – халқымыздың өткені ғана емес, рухани сусынын қандыратын түбі жоқ терең айдын, бет бейнесі дер едім. Осы баяндамасында Марат Мұхамбетқазыұлы «Нағыз ұлттық қадір-қасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады» деп өте нақты әрі дұрыс тұжырымдады. Біз дүние жүзіне өзіміздің бай тарихымызды, көшпелілердің ерекше өркениеті болғандығын көрсетуіміз керек.

Мемлекеттік дәрежеде көтерілген осы мәселені әрі қарай қалай дамыту керек? Халқымыздың, еліміздің тарихын жаңа көзқараспен зерделегенде алдымызда екі түрлі мақсатты көремін. Алдымен тарихтың дұрыс жазылуы, зерттелуі. Екіншіден, осы пәннің жас ұрпаққа дұрыс оқытылуы. Ғалымдар мен ұстаздарға жүктелетін осы екі міндеттің екеуі де жеңіл емес. Көп жылдардан бері қордаланып қалған проблемалар аз уақытта шешіле қалмайды. Тарихты дұрыс зерделеу мәселесін жүзеге асыруды науқандық сипатқа айналдыруға әсте болмайды. Себебі, тарихты зерттеу де, зерделеу де жылдам жасала қалмайды, ол уақытты қажет ететін үдеріс.

Мен ғылым соңында жүрген кәсіби тарихшы әрі ұстаз болғандықтан осы мәселеге ашық пікірімді айтқым келеді. Тарихты зерттегенде, жазғанда оның әдіснамасына сүйену керек. Бұл тарих философиясынан бастау алады. Осы тұрғыда озық жұрттан үйренгеніміздің айыбы жоқ. Тарих әдіснамасы батыс елдерінде жақсы дамыған, бірақ ол бірден пайда бола қалған жоқ, ғасырлар бойы қалыптасты. Біз Кеңес Одағы кезіндегі тек архив құжаттарына ғана таңылып қалған қасаң әдістемеден шыға алмай келеміз. Еуропа елдерінде тарих философиясы мен әдіснамасы арқылы өткеннің шындығын жан-жақты қарастырады. Бір өкініштісі, бізде тарих әдіснамасы, оның мамандары жоқ. Бүгін оған ұмтылыс қана бар.

Тарих пәнін оқытуда да бағдарламаны асықпай, науқаншылдыққа ұрынбай жасаған дұрыс деп санар едім. Тарихты оқытуды жаңа көзқараспен зерделеу төменнен, мектептен бастау алса жемісін береді. Ол үшін алдымен оқулық сапалы жазылуы тиіс. Мектеп оқулықтарын академик қана емес, тарихшы ғалымдар әдіскермен бірігіп жазғанда ғана межелі биікті алар едік. Қазір баланың қабылдау мүмкіндігімен санаспайтын оқулықтар көп. Сонымен қатар, жоғары оқу орнына түсерде мектеп түлегі тарих пәнінен емтиханды тест арқылы емес, ауызша тапсырғаны дұрыс деп ойлаймын. Ол өзінің пікірін, ойын жеткізуі тиіс. Қазір балалар ойын жүйелеп жеткізуден қалып барады. Мектепте де, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында да тарих пәнінің сағаты көбейгені дұрыс болар еді. Биылдан бастап Қазақстан тарихы кафедрасының оқыту бағдарламасына «Қазіргі Қазақстан аймағындағы дін тарихы», «Қазақстан аймағындағы ислам мәдениетінің тарихы» деген тақырыптар қосылып отыр. Оны оқытуға қосымша сағаттар берілмейді. Бұл тақырыптарды университеттерде жүретін дінтану сабағы да қамтыр еді.

Біздің Қазақстан тарихы кафедрасы Хакасия мемлекеттік университетімен бірігіп жұмыс істеу туралы келісімшарт жасады. Мамыр айында «Дүниежүзілік тарихи үдерістегі Еуразиялық көшпелілер өркениетінің әдіснамалық проблемалары» атты online-конференция өткіздік. Өйткені, хакастармен біздің түбіміз бір. Бұрынғы тарихшылар көшпелілерде Еуропадағыдай мәдениет, өркениет болмады деп келді. Біз осы пікірге тойтарыс беруіміз, көшпелілердің ешкімге ұқсамайтын ерекше өркениетінің болғанын дәлелдей түсуіміз керек. Осы оқу жылында online-конференцияны жалғастыруды ойластырып отырмыз. Оған тек Хакасия ғана емес, Канаданың Калгари қаласы,

Соңғы жаңалықтар