Парасат парқы – патриотизм
«Патриоттық – ұлы ұғым» – алдыңғы күні Астанадағы №64 мектеп-лицейде оқушыларға дәріс оқыған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. Ел телеарналары арқылы көрсетіліп, ел газеті арқылы халыққа жеткізілген сол әңгімеде Президент өз дәрісінің алтын арқауы етіп отаншылдықты алды. «Биылдан бастап мектептерге «Қазақ елі» деген пән енгізіледі. Соның бірінші сабағын мен өткізіп отырмын. Бұл патриоттыққа тәрбиелейтін пән», деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев ол сабақты мектеп оқушыларына арнап өткізді. Сондықтан да баланың бойына сыятындай, ойына құйылатындай қарапайым сөздермен өрбітті әңгімесін. «Нағыз патриоттық тәрбие үйден, өз отбасыңнан бастау алады. Ата-ананы, іні-қарындасты, туған-туыстың баршасын жақсы көру патриоттық сезім қалыптастырады. Солардың қамын ойлау арқылы Отанға жақсылық жасайсың», деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Адамның өз Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін сыйдыратын патриотизм ұғымы адамзат қоғамында мемлекет құрылған кезеңнен бері қалыптасып келе жатыр. Тарихтың ұзына бойында патриотизмнің сан түрі көрініс тапты. Полистік патриотизм антик дәуіріндегі қала-мемлекеттерде бой көтерсе, империялық патриотизм империяға адал берілуді әуезе етті, этностық патриотизмнің бүйрегі бәрінен бұрын өзінің сүйегіне бұрылса, мемлекеттік патриотизм алдымен мемлекеттің мүддесін ойлауды, туған елге деген перзенттік сүйіспеншілікті ту етіп ұстады. Мектеп шәкірттерінің алдында Елбасымыз осы мемлекеттік патриотизмді әспеттеудің әдемі үлгісін көрсетті. Адам парасатының парқы ең алдымен оның патриотизмінен танылатынын дәйекті дәлелдеді.
Дәл бүгінгі газет нөмірінде Қазақстанның экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша әлемдегі елулікке енгені жөніндегі жақсы жаңалықты желпіне жазып отырмыз. Біз бұл жарқын жеңіске ең алдымен қазақстандық отаншылдықтың арқасында жеткеніміз анық.
Отаншылдық тәрбиесі – Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді басқарған бірінші күнінен ауыздан түсірмей, аялай айтатын тақырыбы. Елбасымыздың баяндамаларында, сөздерінде, сұхбаттарында, кітаптарында отаншылдық туралы терең мәнді толғаныстар, айшықты өрнектер мол. Олардың бірқатары жақында саясат ғылымдарының докторы, профессор Махмұт Қасымбековтің жетекшілігімен құрастырылған «Жылдар мен ойлар» атты кітапта топтастырылған. Біз бүгін газетіміздің 3-бетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отаншылдық туралы ойларын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Елбасымыздың жан-жүрегін жарып шыққан бұл сөздер бөлек сақтап қоюға, жаңа оқу жылында басталатын «Қазақ елі» пәнінде ұстаздардың пайдалануына ыңғайлы болуы үшін арнайы бетке орналастырылды.
Парасат парқы – патриотизм
«Патриоттық – ұлы ұғым» – алдыңғы күні Астанадағы №64 мектеп-лицейде оқушыларға дәріс оқыған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. Ел телеарналары арқылы көрсетіліп, ел газеті арқылы халыққа жеткізілген сол әңгімеде Президент өз дәрісінің алтын арқауы етіп отаншылдықты алды. «Биылдан бастап мектептерге «Қазақ елі» деген пән енгізіледі. Соның бірінші сабағын мен өткізіп отырмын. Бұл патриоттыққа тәрбиелейтін пән», деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев ол сабақты мектеп оқушыларына арнап өткізді. Сондықтан да баланың бойына сыятындай, ойына құйылатындай қарапайым сөздермен өрбітті әңгімесін. «Нағыз патриоттық тәрбие үйден, өз отбасыңнан бастау алады. Ата-ананы, іні-қарындасты, туған-туыстың баршасын жақсы көру патриоттық сезім қалыптастырады. Солардың қамын ойлау арқылы Отанға жақсылық жасайсың», деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Адамның өз Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін сыйдыратын патриотизм ұғымы адамзат қоғамында мемлекет құрылған кезеңнен бері қалыптасып келе жатыр. Тарихтың ұзына бойында патриотизмнің сан түрі көрініс тапты. Полистік патриотизм антик дәуіріндегі қала-мемлекеттерде бой көтерсе, империялық патриотизм империяға адал берілуді әуезе етті, этностық патриотизмнің бүйрегі бәрінен бұрын өзінің с