Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысын Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен елорданың бас жоспары аясындағы перспективалары туралы хабардар етті.
Астана әкімі қалада негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және кезекті жылыту маусымына дайындық барысы туралы да баяндады.