• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2020

Ақмола облысы: Індеттің қармағына тағы 13 адам ілікті

181 рет
көрсетілді

Ақмола облысында тағы 13  адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Дертке шалдыққандардың бәрі – Целиноград ауданының Аққайың ауылындағы қарттар үйінің қызметін алушылар. Олардың арасында 99 жастағы әже де бар. Бұған дейін осы арнайы мекеменің бір қызметкері коронавирусты жұқтырған еді. Олардың барлығы 2 сәуір күні қайтыс болған ер азаматпен байланыста болған. Осылайша, облыста індетке іліккендер саны 56-ға жетті. 371 адам дәрігерлер бақылауында. 792 тұрғын үй карантинінде.