Ауыл ахуалы қашан, қайтіп жақсармақ? Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында осы мәселе талқыға түсті.
Ауыл десе алаңдамайтын қазақ аз шығар, сірә. Себебі, қаймана қазақтың шынайы, қазақы болмысы осы ауыл сөзімен астарласып жатыр емес пе?! Бұйырған байтақ даланы кең жайлап, табиғаттың таза байлығын тұтынған атам қазақтың байырғы тұрмысы бүгінде сол ауылдарда қалғандай. Сондықтан болар, ауыл сөзіне қазақ халқы қашанда ерекше мән беріп, ауылдың жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатады. Әрине, уақыт орнында тұрмайды, заман өтіп, өркениет көші ілгерілеген сайын адамзаттың тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салты да өзгере түсері анық. Бұл тек біздің елдегі ғана емес, баршаға тән жаһандық үрдіс.
Ауыл ахуалы қашан, қайтіп жақсармақ? Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында осы мәселе талқыға түсті.
Ауыл десе алаңдамайтын қазақ аз шығар, сірә. Себебі, қаймана қазақтың шынайы, қазақы болмысы осы ауыл сөзімен астарласып жатыр емес пе?! Бұйырған байтақ даланы кең жайлап, табиғаттың таза байлығын тұтынған атам қазақтың байырғы тұрмысы бүгінде сол ауылдарда қалғандай. Сондықтан болар, ауыл сөзіне қазақ халқы қашанда ерекше мән беріп, ауылдың жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатады. Әрине, уақыт орнында тұрмайды, заман өтіп, өркениет көші ілгерілеген сайын адамзаттың тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салты да өзгере түсері анық. Бұл тек біздің елдегі ғана емес, баршаға тән жаһандық үрдіс. Бұрын адамдар шағын ауылдарда тұрса, біртіндеп биік үйлер салынып, қалалар бой көтерді, яғни ауылдар қалаға айнала бастады, тұрмыс-тіршілігі жақсарып, өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасалды. Бірақ, бір өкініштісі, біздің ауылдардың көпшілігі мұндай жағдайды бастан өткере алмай жатып талқандалды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бары мен нарын ту-талапайға салған ауыл жұрты жаппай қалаға үдере көшті. Тұрғыны азайып, тұрмысы нашарлаған ауылдар ақыры қирап, тіпті кейбірі мүлде жабылып қалды.
Ал мұндай ауылдардың еңсесін тіктеп, қатарға қосу қыруар қаржымен қоса, қажырлы еңбекті талап ететіні рас. Сондықтан шығар, мемлекет тарапынан қаншама ақша бөлініп, бағдарламалар қабылданып жатса да ауылдардың жағдайы дұрысталып кете қоймады. Бірақ мүлде нәтижесіз емес, қазір Қазақ елінің хал-жайы қандай болса, ол ауылдың да ахуалын аңғартады. Әрине, ауыл десе, далада жайылған мал мен киіз үйді елестететіндер ауылдан мүлде айрылдық дер, бірақ ауылдар қазір бар, тек сол ауылдардың барынша жағдайын жасап, оны қаладағылардан кенде емес жағдайға жеткізу керек. Кеше Үкімет отырысында айтылған қолға алынған іс-шаралар жайындағы мәліметтер мемлекет алда ауылдарды көркейтуге барынша күш салатынын аңғартты.
С.Ахметов айтқандай, ауылдарды дамытуға арналған жүйелі шаралар қабылдау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған осы саладағы негізгі іс-шаралар мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрініс тапқан, сондай-ақ ауылдық аумақтарды түлету бойынша «Жол картасы» жасалып, жүзеге асырылуда.
Талқыланған мәселе бойынша Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин баяндады. Ол бүгінгі күні республикамыздағы елді мекендерде 7,6 млн. адам тұратынын, барлық ауылдардың ішінде 1310-ының даму әлеуетінің жоғары, 5192-сінің орташа болып табылатынын атап өтті.
Ауылдық аумақтарды инфрақұрылымдық дамыту бойынша шаралар білім беру, денсаулық сақтау, «Ақ бұлақ», коммуналдық шаруашылықтарды жаңғырту және басқа да бағдарламалар бойынша іске асырылуда.
Мемлекеттік қолдау шаралары қатарында «Агробизнес-2020», жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламаларын атаған вице-министр жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қолдауға 2013 жылы республикалық бюджеттен 6,0 млрд. теңге бөлінгенін айтты.
Аталған мәселе бойынша сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, Қаржы министрі Б.Жәмішев сөз сөйледі. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.Ескендіровтің, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің әкімі Б.Қыдырғожиннің, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің әкімі Д.Ерімбетовті