Коронавирус геномын талдау барысында мутациялық белгілері жоқ екендігін Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары хабарлаған.
«COVID-19 коронавирусының нуклеотидтер тізбегін ел ішіндегі пациенттердің 73-інен сынама алып, талдау нәтижесінде анықтаған. Оның барысында вирустың патогенділігі мен таралу қабілетіне әсер ететін маңызды мутациялық белгілер табылмаған.
Вирусты анықтау үшін пайдаланылатын COVID-19 маркерлі гендерде ешқандай өзгерістер табылмағандығын мәлімдей отырып, орталық ғалымдары мұндай зерттеулер қателіктерге жол бермеуге ықпал етеді деп атап өтті.