• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2020

Ферроқорытпа зауыты іске қосылғалы бері 45 мың тоннадан астам дайын өнім шығарды

811 рет
көрсетілді

«YDD Corporation» Қарағанды ферроқорытпа зауыты іске қосылған күннен бастап 45 мың тоннадан астам ферросилиций шығарды деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда зауыт өнімдері Қазақстан, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка нарықтарында сатылады, осылайша сапалы өндіріс есебінен ферросилицияға жергілікті және жаһандық сұранысты қамту көзделген. Соңғы жылдары ферроқорытпа экспорты 14% - ға төмендегенін ескерсек бұл өте маңызды жоба болып табылады. 

Кәсіпорынның негізгі шығаратын өнімі жоғары сапалы ферросилиция болып табылады, ол болат, шойын қорытпаларын өндіру және қоспалау, металдардың механикалық және коррозиялық төзімділігін жақсарту кезінде қолданылады.

Жалпы бұл өнім әлемде барлық салада, атап айтқанда өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстағы металл конструкцияларының сапасын арттыруда, автомобиль-әуе-кеме жасауда, тіпті жоғары дәлдікті хирургиялық құралдарды өндіру кезінде де қолданылады.

Қарағанды облысындағы «YDD Corporation» ферроқорытпа шығаратын жаңа автоматтандырылған зауыттың ресми ашылу салтанаты 2019 жылдың шілде айында өтті. Жобаны іске асыру үшін құрылыс кезеңінде 500-ден астам адам еңбек етті. Қазіргі уақытта металлургиялық зауытты пайдалану барысында тұрақты негізде 550 білікті маман жұмыс істейді.

Жобаның ерекшелігі металлургия зауытының әрқайсысы 63 МВА айналмалы ванналық қуаты бар үш белсенді рудотермиялық пеш технологиясын пайдалануы болып табылады. Олар өнеркәсіптік жағдайларда сынақтан өтті және Индустрия 4.0. элементтерімен жабдықталған әлемдік ферросилицияның жаңа жетістіктерін қолдану есебінен үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

Сонымен қатар, жобаның экологиялық тиімділігіне де ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, зауытта орнатылған газ тазарту жүйесінің әлемде теңдесі жоқ және ауаны тазартудың жоғары деңгейін, яғни 99,8% - ға дейін қамтамасыз етеді. 

Бұл газ тазарту жүйесі өндіріс барысында пайда болған шаңды ұстап, оны құрылыс өнеркәсібінде қолданылатын микрокремнеземге айналдырады. Осылайша ол цемент, бетон және т. б. өндіру үшінпайдаланылады. 

Үшінші пешті іске қосқаннан кейін «YDD Corporation» ЖШС ферросилиций өндірісін жылына 180-200 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Айта кететін жайт, дайын өнімді өндіру кезінде қазақстандық қамту үлесі 94% құрайды. Барлық қажетті шикізат базасы - көмір, кварцит, окалин отандық кәсіпорындардан жеткізіледі. Бүгінде барлық шикізат бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарттарға қол қойылды.