• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2020

Қарттар үйіндегі қасірет

223 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі қарттар үйі қаһарлы  індеттің қасіретті ошағына айналып тұр.

«Шапағат» арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы Нұр-Сұлтан қаласынан бес шақырым жерде, Целиноград  ауданына қарасты Аққайың ауылында орналасқан. 16 наурыз, карантин жарияланған күні орталықта 147 адам болды. Олардың орташа жас мөлшері 75 жасты құрайды.

Орталықта қарияларға қызмет көрсететін қызметкерлердің 51-і қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілген. Кейбіреулері кезекті еңбек демалысына шыққан. Осы орталықта сәуірдің 2-сі күні 1947 жылы туған ер адам қайтыс болды. Арада төрт күн өткен соң, 1929 жылы туған әйел адам өмірден озды. Екеуінің де коронавирус дертіне шалдыққаны өмірден өткен соң ғана анықталды. Іле дабыл қағылып, қарттар үйін паналаған адамдар мен орталықтың қызметкерлері медициналық тексерістен өткізіле бастады.

Бүгін, яғни сәуірдің 9-ы  күні  35 адамның  вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. 34-і  қариялар, 1-еуі орталық қызметкері. Дәл қазір Ақмола облысында 56 науқас тіркелген.