Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында алға қойылған өзекті мақсаттардың бірі елімізді үстіміздегі ғасырдың орта тұсына қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енгізу болып табылады. Мемлекет басшысының осыған орай атап көрсеткеніндей, бұл үшін бізге менеджменттің жаңа құралдары мен мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқару талаптарын ескере отырып, сапалы мемлекеттік қызметтер қағидаларын енгізу қажет болады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында алға қойылған өзекті мақсаттардың бірі елімізді үстіміздегі ғасырдың орта тұсына қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енгізу болып табылады. Мемлекет басшысының осыған орай атап көрсеткеніндей, бұл үшін бізге менеджменттің жаңа құралдары мен мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқару талаптарын ескере отырып, сапалы мемлекеттік қызметтер қағидаларын енгізу қажет болады.
Ал осыған дейін бұл салада жүргізіліп келе жатқан жүйелі әкімшілік реформалардың көптеген оң нәтижелерге жеткізгені анық байқалады. Осындай іргелі ізденістердің арқасында қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік қызметтің тиімді моделі қалыптасты. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, бұл жүйе әлемдегі ең үлгілі стандарттарға сай келеді. Бұған қоса, ТМД елдері мен өңірдегі өзге мемлекеттер арасында біздің еліміз мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы болып отыр. Біздің көршілеріміз бүгінгі қазақстандық модельді мемлекеттік қызметтің кадрлық ядросын қалыптастырудағы қазіргі заманғы әдістемесі ретінде қарастырады.
Мемлекеттік аппараттың кәсіби біліктілігін арттырудың, кадрларды іріктеу мен жоғарылату кезінде меритократия тетіктерін енгізудің, басқарушылықтың «А» корпусын қалыптастырудың маңызды түйткілдері «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда қамтылды. Жаңа нормалар тәртіптік және этикалық бақылауды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді заңсыз жазалау мен жұмыстан босатудан қорғауды көздейді, онда сондай-ақ «командалық ауысу» тәжірибесін тоқтатудың бірден-бір тосқауылына айналды. Бірінші рет заңда «Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің» негізгі талаптары қосылған қызметтік этика туралы жеке тарау көзделді. Екі деңгейлі мемлекеттік қызметтің этикалық жүйесі енгізілді. Заңмен бекітілген міндетті ережелер, заңға тәуелді және ведомстволық актілермен нақтыланған мінез-құлықтардың тәртіптері белгіленді.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында Елбасы басшы лауазымдардағы бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін мемлекеттік саяси қызметшілердің жауапкершілігі жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Осылайша, мемлекеттік саяси қызметшілер өздері тағайындаған басшы лауазымдардағы бағынысты қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған, оларға қатысты соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі болған жағдайда жауаптылық арқалайтын болды. Мұның түпкі нәтижесі оның өз еркімен орнынан түсу туралы өтініш беруімен аяқталады. Ал орнынан түсуге өтініш беру өзіне жеке сенім білдіру мәселесін көтеру болып табылатынын және аталған мемлекеттік саяси қызметшіні тағайындаған лауазымды адам орнынан түсу туралы өтінішті қабылдауға немесе қабылдамауға құқылы екендігін атап өту керек.
Қазір мемлекеттік қызметті жетілдіру мен жаңарту жөніндегі жұмыстар өзінің жалғасын табуда. Бұл ретте әлемдегі ең жақсы тәжірибе мен қазіргі үрдістерді танытатын жаңа талаптар есепке алынуда. Мұнда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді заңсыз тағайындау немесе жұмыстан босату, тәртіптік жазалар қолдану, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу тәртібін бұзу мәселелері өзекті болып табылады. Осыған орай заңсыз шешімдер қабылдайтын мемлекеттік органдардың конкурстық, сондай-ақ тәртіптік комиссияларының басшылары мен мүшелеріне заң жүзінде тікелей жеке жауапкершілік жүктелетіні белгіленген. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың тәртіптік талдауларының тәжірибелері олардың тәртіптік комиссияларының деңгейін танытып отыр. Кейде тәртіптік істерді қарау барысында әділеттіктің болмауына байланысты мемлекеттік әкімшілік қызм етшілердің құқықтары дөрекі бұзылу деректері де орын алуда. Ең көп кездесетін мысалдар мынадай. 2012 жылғы қазан айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне қарасты бір департамент директоры өзінің заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны турасында шағымданды. Ол 2012 жылдың ішінде екі рет ескерту және сөгіс түрлеріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Мұның үстіне, тәртіптік комиссия алдыңғы қолданылған жазаларды есепке ала отырып, оған қызметіне сәйкес еместiгi туралы ескерту жөнінде ұсыныс берген. Ал арызды тексеру және істің мән-жайларын зерттеу кезінде барлық тәртіптік жазалардың қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылып қолданылғаны анықталды. Заңның тікелей талаптарына қарамастан, мемлекеттік қызметшіні оның тәртіптік ісінің материалдарымен таныстырмаған. Соған қоса, ол жауапкершілікке заңнамамен белгіленген тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері өткеннен кейін тартылған. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз бұйрықтардың күші жойылған. Тағы бір дерек. Биылғы маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басшылығына Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасарын атқарып отырған қызметінен заңсыз босату дерегі бойынша ұсыныс шығарды.
Агенттік пен оның аумақтық тәртіптік кеңестері сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Агенттіктің жанында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған орталық мемлекеттік органдардың департамент директорларына және оның орынбасарларына қатысты тәртіптік істерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органның тәртіптік комиссиясы тұрақты жұмыс істейді. Осылайша, 2012 жылы аталған тәртіптік комиссияның отырыстарында қаралу нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде шешiмдер қабылдау кезiнде заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсеткені үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы атқарып отырған қызметінен босатылды және осы комитеттің бірқатар лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ қызметтік этика талаптарын бұзғаны үшін Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі департаментінің директорына қатаң сөгіс жарияланды. Ал биылғы сәуірде тәртіптік кеңестің ұсынысы бойынша келісімшарт жасасу туралы шешiм қабылдау кезiнде заңсыз артықшылық көрсеткені үшін Қаржы министрлігінің басшылығы Қостанай облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің директорын атқарып отырған қызметінен босатты.
Жалпы, агенттіктің тәртіптік кеңестері өткен жыл мен биылғы жылдың бірінші жартысында 4 мыңнан астам тексеру жүргізіп, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдарға қатысты 1349 тәртіптік іс қозғады. Шығарылған ұсыныстар негізінде 972 адам, соның ішінде 129 аудандық және ауылдық деңгейдегі әкімдер, 1983 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер және 91 мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдар жауапкершілікке ұшырады. Аталған тұлғалардың қызметіне сәйкес еместiгi туралы ескерту түріндегі жазаға – 379, қызметiнен төмендетуге – 10, атқаратын қызметiнен босатуға 194 адам тартылды. Бұдан бөлек, алдыңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметтік этиканы бұзуға жол берген өз қызметкерлерінің істерін қарау кезінде шетте қалатын болып шықты.
Біз жергілікті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жауапкершілігін арттыру және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша қызметін белсендіру мақсатында агенттіктің тәртіптік кеңестерінің функцияларын нақтылауды ұсындық. Атап айтқанда, тәртіптік кеңестердің жұмысын өңірлердегі басшы лауазымды адамдарға («А» корпусының қызметкерлерін есептемегенде) ғана қатысты істерді қарауға және сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жүйелі шараларды әзірлеуге екпінді сауатты қою көзделуде. Сонымен қатар, тәртіптік кеңестер жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық басқармаларының тәртіптік комиссиялары қызметін үйлестіру бойы нша функциясын бекіту ұсынылды.
Біз агенттіктің бақылау қызметінің қорытындылары бойынша және халықаралық тәжірибені еске ала отырып, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін бірқатар маңызды мезеттерде ауытқушылық көрсетпеудің мазмұны мен тетіктерін заңнамалық тұрғыда жетілдіруге күш салып отырмыз. Мәселен, агенттік қазіргі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық сипаттағы әрекеттерге жатқызу мен тәртіптік жауапкершілік көзделетін құқық бұзушылық санаттарын бөліп алып қарастыру керектігі туралы ұстаным жариялады. Бұл құқық қолдану тәжірибесінде мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды алуды көздемеген лауазымды адамды сыбайлас жемқорлық сипатында жауапқа тартудан қорғап қалуға апарып жеткізеді. Сол сияқты табыстары мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру мерзімін бұзған мемлекеттік қызметші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуға жатады. Сонымен бірге, құқықтық статистика органдарының дерекқорында заңнаманың талаптарына сәйкес «сыбайлас» санаттарына жауапкершіліктің (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік) түріне қарамастан, барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар кіреді.
Мұндай статистика мемлекеттік қызметшілер жасайтын тәртіп бұзушылықтардың, соның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың нақтылы көріністерін дәл анықтап отыруға қиындық келтіреді. Нәтижесінде біз деректі жағдайды сипаттамайтын салмақты сандарды ғана аламыз. Өз кезегінде бұл іс-шаралар мемлекеттік аппарат қызметкерлері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен осыған пара-пар тәртіп бұзушылықтарға уақытында назар аударуға жол ашады. Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқорлық әрекеттерге тек қана нақты сыбайлас жемқорлық қылмысының құрамына кіретін әрекеттерді жатқызуды ұсынады.
Қылмыстық құрамы болмаған жағдайда, аталған әрекеттерді оларды жасаған адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланыстырмай қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңмен көзделген санкциялар мен шектеулерге іспеттес шараларды қолдана отырып, қызметтік этикалардың нормаларын бұзу ретінде саралауға болады. Жоғарыда аталған заң түзетулерін енгізу қызметтік этиканың нормалары сақталуының маңыздылығын арттыруға және сол уақытта сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстанды 2015 жылы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тек қана қылмыстық жазаланатын әрекеттер ретінде тану талабы болып табылатын «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы» Конвенциясын ратификациялау жоспарланған.
Орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызмет саласында этикалық бақылау жүйесін заңды және институттық күшейту сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелеріне кешенді қарауға мүмкіндік береді және ең озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.
СаянАХМЕТЖАНОВ,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
төрағасының орынбасары.