• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Сәуір, 2020

Арнайы санаттағы оқушылар тапсырмаларды «Қазпошта» арқылы алады

566 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министр­лігі IV тоқсанда қашықтан оқытудың бірнеше жолын ұсынып отыр. Атап айтсақ, радио және телеарналар арқылы өткізілетін сабақтар, білім беру интернет ресурстарын пайдалану, шағын жинақты мек­теп­тердегі дәстүрлі оқыту форматы және тағы бір бағыт – «Қазпошта» арқылы.

Білім және ғылым вице-ми­нистрі Рүстем Биғари мен «Қазпошта» АҚ басқарма төр­ағасы Сәкен Сәрсенов осы бағыт­тағы ынтымақтастық тетіктерін талқылады.

Еліміздегі кейбір елді мекен­дерде мектеп те, интернет те жоқ. Сондықтан онда тұратын мектеп жасындағы балалар көрші ауыл­дарға көлікпен арнайы жет­кізіліп отыратын. Енді пандемия кезеңінде оқу материалдарын мұға­лім­дерден оқушыларға, оқу­шы­лардан мұғалімдерге кері жіберу жұмыстарын ұйымдас­тыру қажет. Елімізде мұндай оқушылардың саны 20 мыңнан асады.

Аталған міндеттерді жүзе­ге асыру мақсатында тараптар ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойды. Осыған сәйкес оқушыларға арналған оқу материалдары «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшелері арқылы жет­кізілетін болады. Ата-аналарға пошта байланысы қызметі үшін төлем жасаудың қажеті жоқ.

Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқуға мүмкіндігі жоқ оқушылар туралы деректерді облыстық және республикалық маңызы бар қала­лардың білім басқармалары өкілдері ұсынады.

Айта кеткен жөн, шалғай елді мекендерде өмір сүретін оқу­шы­ларға арналған оқу материалдары санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, жеткізілетін болады.