Атырау облысының Құрманғазы ауданы Қазақстанның «батыс қақпасы» саналады. Өйткені, бізден кейін Қиғаш өзенінің арғы беті – Ресей жері. Құрманғазы ауданының экономикасы өркендеп, мәдениеті өркендеген үстіне өркендей түсуде. Мұнайы жоқ болғанымен, балығы мен мыңғырған малы бар,
Атырау облысының Құрманғазы ауданы Қазақстанның «батыс қақпасы» саналады. Өйткені, бізден кейін Қиғаш өзенінің арғы беті – Ресей жері. Құрманғазы ауданының экономикасы өркендеп, мәдениеті өркендеген үстіне өркендей түсуде. Мұнайы жоқ болғанымен, балығы мен мыңғырған малы бар,соның арқасында тәуелсіздік жылдары қайта түлеп, оң өзгерістер көптің көзқуанышына айналуда. Көршілес Ресейдің Алтынжар, Володар аудандарымен судай араласып, өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Күй өңірі тұрғындарының мәдениетте, спортта да ресейліктерді таңғалдыруы тектен-тек емес. Бәрі де жарасымды.
Тек бір әттеген-айы – жыл сайын 1 мамыр мерекесінде парад өткізуді қоя алмай келеді. Аудан әкімі жанына бірер орынбасарын алып баяғы бірінші хатшылардай қаздиып тұрып, парадты тұсынан өткізеді. Әрбір мекеме, ұжым басшылары мен мүшелері оның алдына келгенде тоқтап, бас изесіп, тағзым еткендей, жалпақтап қалады. Әміршіл-әкімшіл жүйеден қалған бұл үрдістен арылуға болмас па еді? Астана, облыс орталықтарында ғана өтсе жарап жатыр емес пе? Аудан, ауылға осы парад өткізу мүлде үйлеспей тұр.
Одан да көпшіліктің көңілді серуені, театрландырылған көріністер ұйымдастырылып, оны халықпен бірге әкім де тамашалап тұрса ғой деген ой келеді.
Алтынбек ҚУАНТАЕВ.
Атырау облысы,
Құрманғазы ауданы.