• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Атырау: Үш науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған

164 рет
көрсетілді

Ауру жұқтырғандардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелді. Оның ішінде екеуі 23 жəне 73 жастағы әйел адамдар, біреуі 31 жастағы ер адам. 10.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 45 адам анықталды.

Үш науқас та коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.