Келiсiмшарт бойынша әскери қызмет ету мемлекет пен жеке тұлға мүддесін астастырып, байланыстырады. Әлбетте, азаматтардың жауынгерлік сапқа әрдайым дайын жүріп, патриоттық сезімін күшейтіп, елдің, жердің қорғаны екендігін де сезінтеді. Негізі, азаматтар әскери қызмет етуге келісім жасағанда бүгіні мен болашағына тұрақты, сенімді әлеуметтік қорғауды да қамтиды.

Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазір біз ХХІ ғасырдағы қазақстандық жауынгерлердің ұжымдық бейнесін құрудамыз, оның айрықша белгілері патриотизм, интеллектуалдық дамуы, саламатты өмір салтын ұстанатын болу керек», деп нақтылады. Біздің әскеріміздің жетістігі кәсіби даярлығына байланысты. Келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтетін әскери қызметшілердің жеке бастары ғана емес, отбасы да мемлекет қорғауында болатынын баса айтқан артық болмас. Сондықтан Қорғаныс министрлігінің талаптарына сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметке жоспарлы түрде іріктеу жүргізіледі.
Соған орай жуырда Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті ҚР ҚК Әуе ұтқыр әскер басшылығымен бірлесе отырып, «Келісімшарт бойынша әскери қызмет – нағыз азаматтың таңдауы» атты акция өткізді. Акцияның негізгі мақсаты: келісімшарт бойынша әскери қызметтің артықшылығы, берілетін жеңілдіктері мен Қарулы Күштерінің абыройы, жалпы келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру, қызмет ету мәселелерін тұрғындарға түсіндіру мен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болды. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, келісімшарт арқылы әскери қызметке орналасып, Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып жүрген азаматтар мен азаматшаларға берілетін мүмкіндіктер де егжей-тегжейлі айтылып, түсіндірілді.
Бұл күндері келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу жалғастырылып, айналымы іріктелуде. Келісімшарт бойынша әскери қызмет – абыройлы іс және нағыз азаматтың таңдауы!
Саят ТОМПАҚОВ,
Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары,
подполковник.