Алматы облысында коронавирус індетін жұқтарған науқас сауығып, аурухандан шықты. Ол 21 наурыз күні індет белгілері анықталып, Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланған болатын.
Қазір 1986 жылы туған тұрғынның жағдайы жақсы. Дәрігерлер емдеудің нәтижелі болғанына көз жеткізіп, бүгін пациентке үйіне баруға рұхсат берген. Айтпақшы, дертен емделіп шыққан науқас 17 наурызда Стамбұл – Бішкек бағытындағы әуе рейсі арқылы Меккеден ұшып келген болатын.
Жалпы, қазіргі дерек бойынша облыста індет инфекциясын жұқтырған 10 адам бар.