• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2013

Коста-Рикада 700 килодан аса есірткі тәркіленді

315 рет
көрсетілді

Коста-Рика мемлекетінің Никарагуамен шектесіп жатқан ауданында 700 килодан астам кокаин есірткісі тәркіленді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.

Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, есірткіні олар көрші мемлекетке жол жүріп бара жатқан екі жүк мәшинесін тексеру кезінде анықтаған. Көліктің біріне 270 кило, ал екіншісіне 440 кило кокаин есірткісі жасырылған екен.

Оңтүстік Америкадан АҚШ аумағына тасымалданатын есірткінің негізгі бөлігі дәл осы Коста-Рика мемлекетінен өткізілетін көрінеді. Себебі, бұл жерде үстіміздегі жылдың өзінде ғана 10 тонна кокаин есірткісі тәркіленіп үлгерген.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар